Алтын қолды хирургтер Ақтөбеге барды

19 Қаңтар 2023, 12:13 1158

Медорталықтың Ақтөбе облысындағы күндері өтіп жатыр

Ақтөбе облысында ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері  өтуде. Іс-шараға Астана, Алматы қалаларынан келген білікті дәрігерлер қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үш күн қатарынан өтіп жатқан медициналық тур аясында Президенттік клиника дәрігерлерімен 70-ке жуық консультациялық қабылдаулар жүргізіліп, 14 науқасқа операция жасалды. Қазіргі таңдағы медицинаның ең өзекті мәселелері талқыланып, оны шешудің жолдары ұсынылды.

Турдың басты артықшылығы мамандардың қызметін кешенді ұйымдастыруында болды. Демек, іс-шара барысында тұрғындар стационар дәрігерінің ғана емес, диагностикалық бөлім мамандырының да қызметіне жүгініп, кеңес алды. Атап айтар болсақ, аллергология орталығының басшысы, бас аллерголог иммунолог Г. Тусупбекова, кардиохирург А. Тойбаев, онколог  Н. Шаназаров науқастарға қабылдау жүргізді. Ал нейрохирург М. Бердіходжаев пен аритмолог Р. Камиев консультациялық көмекпен қоса, 10-ға жуық операция жасады. Клиниканың бас генетигі Гүлшара Абильдинова жергілікті мамандардың қатысуымен шеберлік сағатын өткізді.

EL.KZ
Бөлісу: