«Алтын Орданың» экс-басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

16 Қаңтар 2023, 09:45 1106

Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығының мүшелеріне халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Желтоқсан айының соңында базар аумағында төрт ер адамға арналған бағдарлау қағаздары ілінді. Ілеспе ақпаратқа сәйкес, олар ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қылмыскерлерді Алматы облысы Қарасай аудандық криминалдық полиция бөлімі іздестіріп жатыр.

Алматы облысының полиция департаменті бұл адамдардың іздеуде екенін растады. Қылмыскерлердің төртеуі де халықаралық іздеуде.

«Криминалдық полиция қызметкерлері 1982 жылы туған Данияр Әбдіғапаровқа халықаралық іздеу жариялады. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни «алаяқтық» бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері 1982 жылы туған Жұмадин Патовқа, 1984 жылы туған Қанат Жақаевқа халықаралық іздеу жариялады. Олар Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни «алаяқтық» бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Алматы облысының прокуратурасы бұл қылмыстық іс өз бақылауында екенін қосты.

«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына орналастыруға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады. Сонымен бірге бұл қылмыстық іс Алматы облысы прокуратурасының бақылауында», деп атап өтті қадағалау органынан.

EL.KZ
Бөлісу: