"Орда ыдырағаннан кейін үлкен еуразиялық кеңістікте Қазақ, Астрахан, Сібір, Қазан, Хиуа, Бұқара, Қасым хандықтары, сондай-ақ Ноғай Ордасы пайда болды. Әрине ғылыми пікірталастардың болғаны жөн, бірақ сонымен қатар басты мақсат пен миссия-тарихи шындықты іздеу екендігін ұмытпау маңызды. Және де біз осынау ұлы ұлыстың аясында ондаған халық бейбіт қатар өмір сүрген, сауда-саттық жасаған, қалалар салған орасан зор империяның мұрасын бөліске түсіріп жатқанда, тарихи тар кезеңдер туып, идеология ойыны басталатыны естен шықпау керек", – деді Дәурен Абаев.