03.06.2023
11:51
1652
"Алтын Орда" базарының басшыларының бірі қамауға алынды

"Алтын Орда" базарының басшыларының бірі қамауға алынды

Алматыда "Алтын орда" базары директорының орынбасары Алматыда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл турады "Бесінші өңір" әлеуметтік желіде мәлімдеді.  

"Базар басшысының орынбасары 2 маусым күні ұсталды. BMW маркалы автокөліктегі қарулы адамдар туралы ақпарат Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне келіп түскен. Ұсталғандардың арасында "Алтын орда" базары директорының орынбасары болды, - деді полицияның баспасөз қызметі.

Қазір оған қатысты "қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 

Бұған дейін Әлихан Смайылов «Алтын Орда» базарындағы заң бұзушылықтарды жоюды талап еткен болатын