03.06.2023
15:25
1351
"Алтын Орда" базары директорының орынбасарына қатысты тың дерек жария болды

"Алтын Орда" базары директорының орынбасарына қатысты тың дерек жария болды

Ішкі істер министрлігі Алматы облысындағы "Алтын Орда" базары директорының орынбасарына қатысты деректі жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMМ автокөлігін тоқтату барысында қару табылған.
Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.
Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Сондай-ақ, аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген.