Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2024 жылы «Алтын доп» рәсімінің тең ұйымдастырушысы болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
УЕФА сыйлықты өткізетін France Football және L'Equipe медиа компаниясына иелік ететін Groupe Amaury компаниясымен ынтымақтастыққа қол жеткізгенін мәлімдеді. УЕФА марапаттау рәсімін коммерциялық насихаттаумен және ұйымдастырумен айналысады.
УЕФА мен «Алтын доп» спорттық шеберліктің синонимдері іспеттес, сондықтан біздің серіктестігіміз ерекше болады, – деді УЕФА басшысы Александр Чеферин.
2023 жылы «Алтын допты» «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси алды. Ол бұл марапатқа мансабында сегізінші рет ие болды.