Алтын бағасы бір жарым айда 12,8%-ға қымбаттады

22 Желтоқсан 2022, 10:58 2592

Бұл 4 айдан астам уақыттан бері ең жоғары көрсеткіш болды

ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 21 желтоқсандағы алтынның ресми құны 1 грамм үшін 27 247,9 теңгені құраған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

4 қарашада алтын құны 24,2 мың теңгеден аз болды. Бұл 2021 жылдың қазан айынан бастап есептегенде ең төмен көрсеткіш. Келесі бір жарым ай ішінде бір грамм бағалы металдың құны 3,1 мың теңгеге немесе 12,8%-ға өсті.

Ресурстың мәліметінше, алтынның әлемдік бағасының өсуіне доллардың әлсіреуі, нарықтардың құлдырауы және геосаяси жағдайдың шиеленісуі әсер етіп отыр. Бағалы металға деген қызығушылық артып келеді.

Яғни, инвесторлар қаржы нарығында тұрақсыздық пайда болған кезде алтынға басымдық бере бастайды. Бұл өз кезегінде бағалы металл бағасының көтерілуіне әкеледі.

EL.KZ
Бөлісу: