Алты жылдан кейінгі кездесу: анасы мен баласының кездесуі көпшілікті елжіретті

22 Желтоқсан 2023, 14:35 3206

Әлеуметтік желіде тараған ұлы мен анасының алты жылдан кейінгі кездесуі көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореяға жұмыс бабымен кеткен Дәулет есімді жігіттің әуежайдан ата-анасын күтіп алғандағы видеосы тарады. Ол ата-анасын бес жарым жылдан бері алғаш рет көргелі тұрғанын айтады.

Қатты қобалжып тұрмын, сезімді айтып жеткізе алмаймын. Қазір анам келеді, құшақтаймын, сүйемін, жылап жіберетін сияқтымын, - дейді Дәулет күту залында тұрып.

Видеоның астында пікір қалдырған оқырман қауым анасы бар адамдардың бақытты екенін жазуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: