19.06.2024
04:36
959
Алты миллион алимент төлемеген әке қамауға алынды

Алты миллион алимент төлемеген әке қамауға алынды

Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған борышкер қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдады", - деп жазылған прокуратура таратқан ақпаратта.
Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, қала прокурорының өтінішімен сот борышкерге іздеу жариялады.
Жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласында ұсталып, қамаққа алынды, - деді прокуратура тарапы. 
Қазіргі уақытта алимент бойынша берешек толық өтеліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.