Алтын адам шеруі: Азиядан Америкаға дейін

21 Наурыз 2018, 18:48 10294

«Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылады

2018 жылдың 3 сәуірі сағат 19.00-де Бүкілресейлік сәндік-қолданбалы және халықтық өнер музейі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп Халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасын жүзеге асыру аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық барлық бағыттарда дамып келеді және оң динамикаға ие. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар өзара ықпалдастықтың үлгісі. Қазақстан мен Ресей арасындағы ширек ғасыр бойы үш жүзге жуық екі жақты келісім жасалды.

Халықаралық «Алтын адамның әлемдегі мұражайларға шеруі» жобасының мақсаты шетелдік көрерменді ерте темір дәуірінің Еуразия Ұлы Дала белдеуінің мәдени мұрасымен таныстыру. Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорынан Есік маңында табылған Сақ жауынгері, ж.с.д. V-IV ғғ.белгіленген алтын бұйымдарының жиынтығы ұсынылатын болады.

Көрменің негізгі экспонаты -«Алтын адам» 1969 жылы Есік маңында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жерде, белгілі қазақстандық археолог Кемал Ақышев басқарған археологиялық экспедицияда табылған. «Алтын адамның» киімінің әшекейлері сол қалпында сақталған. Олардың барлығы өнер туындылары скифтік-сібірлік өнердің «аң стилі» ескерткіштеріне жатады. «Алтын адам» бүкіл әлемге белгілі және Қазақстан Республикасының символына айналды. Жерлеу камерасында археологтар 4 800 зергерлік бұйымдарды тапты.Тутанхамон фараонынан кейін бұл қабірде табылған ең көп алтын бұйымдар.

«Алтын адамның әлем мұражайларына шеруі» атты көрменің маршруты Шығыс Азияұл ауқымды жобаның жүргізілу мерзімі: 2018-2021 жж. 2018 жылы ««Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін» атты көрмесі Әзірбайжанның Ұлттық мұражайында (Баку, Әзірбайжан), Шааньси провинциясының тарихи мұражайында (Сиань, ҚХР), Гданьск ұлттық мұражайында (Гданьск, Польша) және Кореяның Ұлттық музейінде (Сеул, Корея) көрсетіледі. 2019 жылы көрме Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркия мұражайларында жоспарланған.

 2020 жылы АҚШ, Италия, Австрия, Франция және Германия мұражайларында көрмені өткізу жоспарланып отыр.

2021 жылы көрме жобасы Гран-Пале Ұлттық мұражайлар қауымдастығының көрме залдарында (Франция) және Австрияның көркемсурет мұражайында көрсетіледі.

Көрменің ашылу салтанаты 17:00-де баспасөз конференциясынан басталады. Баспасөз конференциясы ҚР Ұлттық музейінің директоры м.а Л.В. Кочетов; тарих ғылымдарының докторы, профессор З.С. Самашев; ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы, т.ғ.к. З.К. Сурганова; Бүкілресейлік сәндік-қолданбалы және халықтық өнер мұражайының директоры Е.В. Титова; Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің археология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор А.Р. Канторович қатысады. «Ұлы дала мұрасы: зергерлік бұйымдардың шедеврлері» көрмесі 2018 жылдың 13 мамырына дейін жалғасады. 

Бөлісу: