Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

27 Наурыз, 09:13 4130

Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін аталған қызметті Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов атқарған.

Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарады. 

2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 

2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылдың 13 маусымында Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

2022-2023 жылдары Қазақстан премьер-министрінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: