08.03.2024
08:37
2191
Алпысты алқымдаған "темір" Тайсон шаршы алаңға қайта оралады

Алпысты алқымдаған "темір" Тайсон шаршы алаңға қайта оралады

57 жасар әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон рингке оралады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Аңыз спортшы 20 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтонда кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Оның қарсыласы кәсіби рингте 10 кездесу өткізіп, оның тоғызын жеңген америкалық блогер Джейк Пол болмақ. Жепе-жектің қандай форматта өтетіні әлі белгісіз. Жекпе-жек  Netflix платформасында көрсетілетін болады.

Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылдың маусым айында 50-6 рекордық көрсеткішпен аяқтағаны жанкүйерлерге белгілі. Ол WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы атанған еді.