Альпі тауларының алып мұздықтары еріп жатыр

20 Тамыз 2022, 13:07 3325

Құм басқан мұздықтар қарайып, жылдам ери бастады.

Альпі тауларының Германиядағы тау сілемдерінде алып мұздықтар еріп жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Осылай жалғаса берсе тау басындағы қар 15 жылдан кейін мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Бұған ыстық ауа райы әсер етіп жатыр, делінген «Хабар 24» көрсеткен сюжетте.

Сахара шөлінен желмен жеткен құм жағдайды одан бетер ушықтыра түсті. Құм басқан мұздықтар қарайып, жылдам ери бастады.

Ғалымдардың айтуынша, Альпі тауларындағы мұздақтардың еруін баяулату үшін ауаны ластауды тоқтату керек.


Бөлісу: