Альмира Бишімбаева алғаш рет Салтанат Нүкенованың ата-анасынан кешірім сұрады

3 Мамыр, 15:37 9607

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева сот жарыссөзінде алғаш рет марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Альмира Бишімбаева Салтанатпен қарым-қатынасы жақсы болғанын айтты.

Барша қыз-келіншектерден кешірім сұраймын. Қуандық жара салған Салтанаттың ата-анасынан кешірім сұраймын. Қуандықтың тағдыры ауыр, ол өте көптеген сатқындықты бастан кешірді. Ол қарапайым бақыт пен балаларды аңсаған. Басынан өткерген қиындықтардан кейін жүзіне қуаныш үйіріле бастаған. Салтанатты жақсы көрді, біз оған куәміз. Менің де Салтанатпен қарым-қатынасым өте жақсы еді. Оны барынша қолдауға тырыстым, - дейді Альмира Бишімбаева.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: