06.04.2024
22:08
1218
Алматының таулы аумақтарында су тасқыны болуы мүмкін

Алматының таулы аумақтарында су тасқыны болуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК мамандары ауа райының жылынуы және жауын шашын салдарынан Алматының таулы аймақтарында су деңгейі көтерілуі мүмкін ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және жауын-шашын болжамына байланысты 6-8 сәуір аралығында таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.

Осыған орай Алматы қалық ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді.