Алматы қаласының Медеу ауданында Төле би көшесі мен ШААД бұрышындағы тау бөктерінде құрғақ шөп өртенді. Өрттің аумағы шамамен 3000 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтеншеліктер оқиға орнына 8 минутта жетті. Жағдайды бақылау үшін дрон қолданылған. Қызыл жалынды сөндіруге 43 қызметкер және 9 техника жұмылдырылды.
Желдің екпіні өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупін тудырды, бірақ ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекеттерінің арқасында оған жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді,-делінген министрлік мәліметінде.