17.12.2024
09:37
881
Алматының өрт сөндірушілері 4 баланы құтқарды

Алматының өрт сөндірушілері 4 баланы құтқарды

Таңертең Наурызбай ауданында С.Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелерінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты.

Кәсіби өрт сөндірушілер өртті дер кезінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.