Алматының Наурызбай ауданында жаңа балабақша салынды

9 Қараша, 04:31 515

Алматы әкімі Ерболат Досаев Шұғыла шағын ауданында 320 орындық жаңа балабақша ғимаратын көріп шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылысы 2022 жылдың мамыр айында басталған балабақшаның жұмысы мердігерлердің жауапсыздығына байланысты ұзаққа созылды. «Астана-Стройинвест» және «Теплоэнергострой» ЖШС-теріне шарт мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұл өндіріп алу мақсатында сотқа талап-арыз берілді. Бірінші мердігерге қатысты талап қанағаттандырылды, екінші талап қаралуда.

Қазіргі уақытта балабақшаның құрылысы мен ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды. Инженерлік желілер тартылып, қажетті жабдықтар орнатылды. Балабақшада гимнастика және музыка залдары, қызметкерлерге арналған бөлмелер, балаларға арналған жеке топтық бөлмелер қарастырылған.

Нысанды тексеру нәтижесінде қала әкімі кемшіліктерді жойып, балабақша жылдың соңына дейін ашуды тапсырды.

Халық оның ашылуын күтіп отыр, сондықтан барлық ескертуді жедел түрде жойып, жыл соңына дейін балабақша балаларды қабылдай бастауы керек, – деді Ерболат Досаев.

Зарина Арман
Бөлісу: