Алматының Әуезов ауданында комьюнити орталық ашылды

6 Қаңтар, 06:53 858

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының Мамыр-1 шағын ауданындағы жаңа комьюнити орталыққа барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жастар бас қосатын ортаға айналады. Ауданда 14-35 жас аралығындағы 102 мың адам тұрады, оның 7,8%-ы NEET жастар.

Комьюнити орталықта білім беру және мәдени іс-шаралар өткізіледі, жастар білікті психологиялық және заң көмегін алып, жұмысқа орналасу үшін көмек сұрай алады. Онда резиденттер үшін барлық қызмет тегін.

Бізге кері байланыс қажет: барлық білім беру және біліктілікті арттыру курсы, жастар бағдарламасын қазіргі заманға бейімдеу керек десеңіздер, қайта қарастыруға дайынбыз. Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтқандай, жастарға ерекше көңіл бөледі. Алдағы 2-3 онжылдық жастардың қолында, - деді Ерболат Досаев.

Комьюнити орталықтарды дамыту жөніндегі жоба – Қазақстанда жалғыз. 8 комьюнити орталық жылына 800 мыңнан астам жасқа қызмет көрсетеді. 2025 жылға қарай мегаполисте 16 комьюнити орталық болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: