Алматының аудандық әкімдіктерінің өкілеттігі артады

3 Сәуір 2023, 20:53 942

1 сәуірден бастап Алматының аудандық әкімдіктеріне жаңа құзыреттілік берілмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әкімдікке сілтеме жасап.

Жолды, инженерлік желілерді ағымдағы жөндеу, әлеуметтік қолдау, үйірмелер мен секцияларды қаржыландыру. Осы және өзге де көптеген мәселені аудан әкімдіктері енді өздері жүзеге асырады. Жаңа функциялармен қатар, 8 аудан әкімдігіне 73,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл өзгеріс жергілікті жерлерде жедел шешім қабылдауға ықпал етеді. Әр аудан халқының қажеттіліктерін ескеріп, бюджет қаражатын тиімді бөлуге жол ашады. Әрі мердігерлердің жұмысын бақылауға және тұрғындарының өтініштеріне тезірек жауап беруге мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.

Алматы аудандарына дербестік беру жөніндегі бастаманы қала әкімі Ерболат Досаев көтерген. Бұған дейін аудан әкімдіктерінің тек ағымдағы жұмыстарға, оның ішінде абаттандыруға, тазалауға, көгалдандыруға және т.б. өкілеттігі мен қаржысы шектеулі болатын.

EL.KZ
Бөлісу: