Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді

Бүгiн, 03:25 323

Алматының Арбаты жаңа жылдық мерекеге орай Лондонның әйгілі Карнаби көшесінен шабыт алған жарқын арт-нысанға айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, тұрғындардың сүйікті жаяу жүргіншілер көшесі мыңдаған гирлянд шамы мен жарық қондырғылармен көмкеріліп, жайлы әрі сиқырлы атмосфераны қалыптастырды.

«Жаңа жылыңызбен», «Бақытты бол», «Жұлдызың жансын» деген жарқыраған жазулар тілектер ерекше назар аудартады.

Жібек жолы көшесінде де жарықтандырылған аққала мүсіндері, жарқыраған жұлдыздар және сәулелі бұғылар орнатылған. Олар балалар мен ересектердің жүздеріне қуаныш пен күлкі сыйлайды. Мерекелік безендіруді сәндік аюлар мен басқа да элементтер толықтырып, Арбаттағы серуенді ерекше жайлы етеді. Ең әсерлі қондырғының бірі – «2025» сандары бар алып жарқыраған шар.

Арбаттың орталық шыршасы түрлі-түсті шарлармен, жарқыраған шамдармен және жұлдыздармен безендірілген. Оның етегінде орналасқан алып сыйлық қораптары кеңістікке ертегідей ерекше атмосфера береді.

Перизат Саденова
Бөлісу: