Алматының орталық ауруханасына «бомба» қойылды

29 Шілде 2022, 21:16 1062

Алматы қалалық Полиция департаментіне Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарылғыш зат қойылғаны туралы шұғыл ақпарат түсті, деп хабарлайды El.kz

«Қазір медициналық мекеменің аумағында тексеру және іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлер мен науқастар эвакуацияланды. Саперлер жұмылдырылды», деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы «MOSKVA Metropolitan» ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бірнеше рет түскен болатын. Тәртіп сақшылары сауда орталығынан 14 маусым, 21 маусым, 4 және 7 шілдеде адамдарды эвакуациялауға мәжбүр болды.






Бөлісу: