Алматылықтарға бір күн кір және ыдыс жуғыш машинаны қолданбау ұсынылды

25 Шілде, 18:30 382

Алматыда 29 шілдеде су құбырының жаңа нысандарын пайдалануға беру және су құбырының технологиялық жабдықтарын ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 шілдеде сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін Медеу ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су беру тоқтатылады:

соның ішінде:

Су қысымының төмендеуі «Самал-1», «Самал-2», «Самал-3» шағын аудандарының желілерінде, сонымен бірге Армянская, Береговая, Инженерная, Ньютон, Фонвизина көшелерінде, «Falkon City» тұрғын үй кешенінде.

Қалалық секторларда суық сумен жабдықтауға уақытша шектеу қою Медеу өңірінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту шеңберінде жүргізілетін жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Бұл жұмыстар жүргізілген соң, судың сапасын уақытша өзгеруі мүмкін, су құбырлары толығымен жуылғанға дейін сантехникалық құрылғыларды (кір жуғыш машиналар/ыдыс жуғыштар және басқа құрылғылар) пайдаланудан уақытша бас тартыңыз. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: