Алматылықтар қала күнін атап өтіп жатыр

15 Қыркүйек, 10:51 284

Қыркүйектің үшінші жексенбісі Алматыда Қала күні мерекеленеді. Биыл мерекеге орай балаларға да, ересектерге де қызықты болатын 150-ден астам әртүрлі форматтағы іс-шара жоспарланған. Бүгінгі шаралар «Алма Fest» мерекелік фестивалінен басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» отбасылық фестивалі, қуыршақтардың мерекелік шеруі мен «Қуыршақ жасау» шеберлік сағаттары және басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, олардың басым дені халыққа тегін ұйымдастырылады. Тек театрларда, Шапито циркінде немесе жабық ғимараттарда өтетін қойылымдарға билет алу қажет.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: