Алматылықтар көшеге шығып кетті

4 Наурыз, 11:43 1687

Алматыда 5 балл жер сілкінісінен кейін дабыл сиреналары ойнап, тұрғындар көшеге шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде алматылықтардың далада жүрген суреттері мен видеолары таралып жатыр.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.
MPV магнитудасы 6.1.
Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
Тереңдігі 10 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: