Алматылықтар 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

4 Сәуір, 16:00 814

Бүгін Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайырымдылық акциясына қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты. Соның нәтижесінде 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиеналық өнімдер, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және тағы басқа.

Көмек жинау пунктінің жұмысына 30-дан астам еріктілер ұйымы мен 100-ден астам ерікті атсалысты. Жастар саясаты басқармасы алматылықтарға игі істе көрсеткен белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Еріктілер мен қала тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында зардап шеккен аймақтарға қысқа мерзімде көмек көрсетілді.

Көмек қабылдау пункті аптаның соңына дейін Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында жұмыс істейді, жұмыс уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: