05.03.2026
09:01
231
Алматылық суретші қазақ кілемін әлемдік деңгейге шығарды

Алматылық суретші қазақ кілемін әлемдік деңгейге шығарды

2026 жылы әлемнің ең ықпалды 50 креаторы енген The Discover List тізіміне алматылық суретші Әсел Сабыржанқызы қосылды. Ол «Innovators» санатында танылып, ұлттық өнерді жаңа медиа тілінде сөйлеткен автор ретінде халықаралық деңгейде мойындалды.

The Discover List деген не?

The Discover List – TikTok жүзеге асыратын, аудиторияны шабыттандырып, жаңа тренд қалыптастырып жүрген 50 креаторды анықтайтын халықаралық жоба. Авторлар бес бағыт бойынша Educators, Foodies, Icons, Innovators және Originators іріктеледі.

Іріктеу барысында аудитория белсенділігі, жазылушылар өсімі, қаралым мен лайк көлемі, контент сапасы және трендке ықпал деңгейі есепке алынады. 2026 жылғы тізімге Қазақстанмен бірге АҚШ, Италия, Жапония, Бразилия, Кения, Ұлыбритания, Индонезия, Аустралия және Оңтүстік Африка креаторлары енді.

Айта кетейік, былтыр бұл тізімде «Educators» санатында Жетісу облысының ұстазы Ботагөз Омарова ұсынылған еді. Биыл эстафетаны Әсел жалғастырып отыр.

Іріктеу барысында аудитория белсенділігі, жазылушылар өсімі, қаралым мен лайк көлемі, контент сапасы және трендке ықпал деңгейі есепке алынады. 2026 жылғы тізімге Қазақстанмен бірге АҚШ, Италия, Жапония, Бразилия, Кения, Ұлыбритания, Индонезия, Аустралия және Оңтүстік Африка креаторлары енді.

инстаграм/assolyaa
 

Айтуынша, дәстүрлі кілемді заманауи арт-нысанға айналдыратын ерекше көркем тіл мен авторлық техникасы арқылы таңдаған. Осындай шығармашылық тәсілі ұлттық мәдениетті digital-алаңда жаңа форматта танытуға мүмкіндік берді.

TikTok Қазақстандағы креаторларды қолдауды жалғастырып, білім беру, өнер және кәсіпкерлік сияқты түрлі салада жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруда. Платформа таланттарға өз шығармашылығын кеңейтуге, жаңа аудитория табуға және креативті кәсіби деңгейде дамуға жол ашады.

Өнерді адамдарға жақындатты және халықаралық аудиторияға жол ашты. Бұл менің дамуыма серпін беріп, мүмкіндігімді кеңейтті, – дейді Әсел.

TikTok-тың әлемдік трендтерінде Қазақстан аталғандағы сезімін Әсел үлкен мақтанышпен жеткізді.

@assolyaa

Сүйінші! Я вошла в топ-50 креаторов мира по версии TikTok 🔥 The Discover List 2026 от TikTok, это глобальная подборка 50 креаторов, формирующих будущее digital-культуры. Я была представлена в категории “Innovators” и стала единственным автором из Казахстана, чьё искусство с национальным кодом получило такое международное признание 🇰🇿 Можете поздравить меня в комментариях 🫶🏻

♬ New Sun - Chihei Hatakeyama

Сол сәтте бойымды мақтаныш кернеді. Бұл мені одан әрі шабыттандырды және қалаған дүниемді еркін жасауға ерік-жігер берді. Мен ұзақ уақыт өз техникамды іздедім, түрлі тәжірибелер жасап, зерттедім. Соңында осы Сarpet Аrt техникасына тоқталдым, – дейді өнер иесі.

Талантты суретші бұл жаңалықты үлкен жауапкершілік деп қабылдаған:

Бұл жаңалық мен үшін бір мезетте қуаныш пен жауапкершілік сезімін сыйлады. The Discover List тізімінде Қазақстан атынан шығу – үлкен мәртебе. Мен оны тек жеке жетістік ретінде емес, еліміздің заманауи өнерінің әлемге таныла бастағанының белгісі деп қабылдадым. Ұлттық өнердің заманауи форматта әлемге түсінікті бола алатынын көрсетуге тырысамын. Әрі қазақ мәдениетіне жаңаша көзқарас қалыптастыруға үлес қосқаныма қуаныштымын, – дейді ол.

Кілемнен басталған инновация

Әсел дәстүрлі қазақ кілемін кенеп орнына пайдаланып, ауқымды әрі ерекше көркем туындылар жасап жүр. Оның авторлық бағыты – Carpet Art техникасы. Бұл – сәндік-қолданбалы өнер элементтерін заманауи визуалды тілмен үйлестіру тәсілі.

Carpet Art техникасын қолдану идеясы дәстүр мен заманауи үйлесімді біріктіру нәтижесінен туындаған. Осындай ізденіс оның ұлттық өнерді жаңа форматта көрсетуге мүмкіндік беріп, авторлық стилін қалыптастырды.

инстаграм/assolyaa
 

Жұмыстарында батыр әйелдер, билеушілер, түркі тарихындағы тұлғалардың бейнесі жиі көрініс табады. Оның «Ұлы дала патшайымдары» сериясы ұлттық ою-өрнек, күрделі композиция және тарихи дәлдікпен ерекшеленеді. Бұдан басқа «Гауһар батыр» картинасын бір ай бойы жасаған. Бұл туындыда дәстүрлі кескіндеме мен граффити элементтері үйлесім тапқан.

Әселдің айтуынша, бір туынды бірнеше аптада жасалады. Алдымен эскиз жасалады, кейін соған сай кілем таңдалып, содан соң негізгі жұмыс басталады.

Ең күрделі туындылар – портреттер. Өйткені мұнда кейіпкердің ұқсастығы мен эмоциялық шынайылығын дәл беру аса маңызды, – дейді суретші.

Ол әлемдік жұлдыздардың да портреттерін авторлық техникада жасап шыққан. Туындылар қатарында Дженнифер Лопес, Килиан Мбаппе, Джеки Чан және Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар. Кейбір жұмыстарын суретші кейіпкерлердің өзіне табыстаған. Бұл жаңалық халықаралық БАҚ назарын аударып, Қазақстан мәдениетіне деген қызығушылықты арттырды.

инстаграм/assolyaa
 

Маған әлемдік мәдениетке ықпал ететін тұлғалар қызық. Олардың образы арқылы мәдениеттер диалогын көрсетемін. Көптеген жұмысым кейіпкерлердің өзіне және олардың командасына да табысталды. Кері байланыс өте жылы болды, – дейді суретші.

Ерекше өнер иесінің жазылушылары – әлемнің әр түкпірінен. Шетелдік аудитория қазақ ою-өрнегін ерекше әрі бірегей визуалды тіл ретінде қабылдайтынын жеткізді. Суретші әр туындысының атауы арқылы кейіпкердің мінезін, образын, ішкі мәнін ашуға тырысатынын айтты.

Таланатты суретші цифрлық алаң шекараны жоятынын айтады. Бүгінде ол ешқандай ақшасыз-ақ өз аудиториясын тауып, бүкіл әлемге танылу мүмкіндігіне ие болып отыр. Әсел Сабыржанқызы алдағы жылдары өз жұмыстарын халықаралық галереялар мен мұражайдан көргісі келеді. Басты мақсаты – Орталық Азияның заманауи өнерін дамыту және оны әлемдік деңгейде таныту.