Алматыда Almaty Management University студенті суицид жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Университет студентінің қайтыс болғаны туралы қайғырып хабарлаймыз. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына толық жәрдем көрсетеді, - деп хабарлады Almaty Management University.
Алматы қаласы Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.