07.06.2024
07:28
811
Алматылық құтқарушылар цехтағы өртті сөндірді

Алматылық құтқарушылар цехтағы өртті сөндірді

Бүгін түнде Түрксіб ауданында матрацтар шығаратын цехта өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ күшімен от 250 ш.м. алаңда толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.