25.08.2023
12:48
1223
Алматылық «Қайрат» «Бенфикадан» басым түсті

Алматылық «Қайрат» «Бенфикадан» басым түсті

Алматылық «Қайрат» футзалдан Португалияда өтіп жатқан «International Masters Cup» турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстандық команда екінші кездесуінде Португалияның «Бенфика» клубымен кездесті.

Ойын 5:2 есебімен «Қайрат» жеңіске жетті. Олардың қатарынан Кайо Руис пен Алекс Виана екі голдан соқса, Денер Родриго бір мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

Айта кетсек, «Бенфика» 2009/10 жылғы маусымда футзалдан УЕФА кубогының (қазіргі футзалдан Чемпиондар лигасы) жеңімпазы.

Енді алматылық клуб 26 тамызда елорда уақытымен 23:30-де португалиялық «Брагамен» кездеседі.