Алматылық өрт сөндірушілер жаңа ғимаратта жарылыстың алдын алды

Алматылық өрт сөндірушілер жаңа ғимаратта жарылыстың алдын алды

Алматыда Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында құрылыс қоқысы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт шыққан үй-жайдан өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге бір газ баллонын алып шығарды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде 8 ш.м. алаңдағы өртті жойды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі - өрт жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.