Алматы қаласындағы №102 орта мектептің "Жас сарбаз" сыныбының оқушылары білім ордасының әскери дайындық жетекшісі Бақытжан Перімбетпен бірге теңіз деңгейінен 3450 метр биіктіктегі Күләш Байсейітова шыңына шықты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Оқушылар тау шыңында Қазақстанның Мемлекеттік Туын тікті. Жас альпинистер жасағының командирі Игнат Зизиннің айтуынша, қысқы жағдай өрмелеуді қиындатқан.
Қар, –23 градусқа дейін аяз және биікке өрмелеу сынағы жақсы бейімделуді қажет етеді. Тек мұқият дайындықтың арқасында ғана біз барлық қиындықты жеңе алдық. Бұл сынақ қана емес, үлкен мәртебе болды, – деді жасақ командирі.
Шыңға шығуда сегіз жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан "Киров" әскери-патриоттық клубы жас альпинистерінің бұл біраз жетістіктерінің бір бөлігі. Бұған дейін клуб қатысушылары Үлкен Алматы шыңы және Тұран шыңы (ЯФИ) сияқты шыңдарды бағындырған.
Дайындық кезінде әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері бағдарлау дағдыларын меңгерген. Сонымен қатар альпинистік жабдықтармен жұмыс істеуді және экстремалды жағдайларда өмір сүруді қамтитын жеңіл атлетика және тау даярлығының жартыжылдық курсынан міндетті түрде өтетінін атап өткен жөн.