Алматыға жақын жерде жер сілкінді

7 Ақпан 2023, 10:01 1321

Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпанда Алматы уақытымен 8 сағат 46 мин 17 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты -11.2. MPV магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: