31.05.2024
11:45
1613
Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦНИ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 31 мамырда Астана уақытымен сағат 10:13-те жаңа жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Бішкектен солтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің күші - 4,4 балл. Болжалды қарқындылығы - Жамбыл облысы, Қордай ауылы - 2 балл.