Ақтаудан Шымкентке бағыт алған ұшақ Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі FlyArystan баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте әуежайдың ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшып шығу уақыты 6 сағатқа кейінге шегерілді.
Әуе компаниясы рейс олардың кінәсінен кешікпегенін атап өтті.
"Алматыға ұшып келгеннен кейін жолаушыларды түсіру кезінде 15 деструктивті жолаушы ұшақтан шығудан бас тартты. Осыған байланысты қызметкерлер желілік ішкі істер бөлімін шақыруға мәжбүр болды", - деп мәлімдеді әуе компаниясы.