«АлматыЭлектроТранс» басшысы пара алып жатқанда ұсталды

10 Қазан 2022, 16:07 1321

Ол 150 мың доллар көлемінде пара алған

«АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директоры кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алған, деп хабарлайды El.kz Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, «АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директорының кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алғаны, атқарылған жұмыс актісіне қол қойып, бұрын жасалған келісім бойынша ақша аударғаны әшкереленген.

«30 қыркүйекте сот оны қамауда ұстау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды»,- делінген хабарламада.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 30 қыркүйек күні Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы тағайындалғанын мәлім етті.

Бөлісу: