Алматыдан 564 шақырым қашықтықта жер сілкінді

20 Шілде 2022, 21:15 1742

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады

Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінде 20 шілде күні 18 сағат 7 минут 25 секундта жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды El.kz.

– Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 564 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1. MPV магнитудасы – 4.5. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 41.98° с.е. 83.56° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ, – делінген ведомство хабарламасында.

 

Бөлісу: