22.07.2022
09:21
2449
Алматыдан 428 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 428 км қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды El.kz.

Жер сілкінісі 22 шілде күні Алматы уақытымен 06 сағат 37 минут 34 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 428 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,6. MPV тербелісі – 4,3. Тереңдігі – 30 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді