20.12.2024
01:42
843
Алматыдан Германияға жаңа рейс ашылады

Алматыдан Германияға жаңа рейс ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, 2025 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Франкфурт бағыты бойынша аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) жиілікпен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы Франкфуртқа Астана мен Оралдан ұшады. Алматыдан әуе рейстерінің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер A321LR типті ұшақтарда орындалатын болады.