03.02.2024
16:20
5278
Алматыдан бірнеше шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан бірнеше шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыға жақын маңда тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 3 ақпанда Астана уақытымен 14:36-да тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан - афтершок. MPV магнитудасы - 5,3, - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.