12.03.2023
16:10
1996
Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Табиғи апат Алматы уақытымен бүгін түнгі сағат 00:25-те тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.