18.10.2022
17:01
2766
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 18 қазан күні Алматы уақытымен 13 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды EL.kz.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 77 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.0. MPV тербелісі – 3,5. Тереңдігі – 5 км.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.