16.09.2022
12:03
1372
Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 16 қыркүйек күні 09 сағат 54 минут 16 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3. Магнитудасы MPV 3.9. Ошағының бағыты 42.32° с.е. 80.99° ш.б. Тереңдігі – 5 км. Сезілуі туралы дерек жоқ», - делінген хабарламада.