28.09.2022
09:22
1126
Алматыдан 324 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 324 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz.

Жер дүмпуі 28 қыркүйек күні Алматы уақытымен таңғы сағат 3:20 шамасында болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 324 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10.0. MVP магнитудасы - 4.7. Бағыты - 42.13° с.е. 80.58° ш.б. Тереңдігі - 20 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген хабарламада