Алматыдан 303 шақырым қашықтықта жер сілкінді

12 Ақпан 2023, 11:20 1588

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» 12 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 08.10-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 303 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.4. MPV магнитудасы – 3.8. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: