Алматыдан 257 шақырым қашықтықта жер сілкінді

17 Наурыз, 01:01 8641

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 наурыз күні сағат 00:04-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.8.

MPV магнитудасы — 4.5.

Тереңдігі — 15 км.

Қазақстанда сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: