Алматыдан 254 шақырым қашықтықта жер сілкінді

29 Ақпан, 11:10 851

Сейсмологтар 29 ақпан күні сағат 09:48-де тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде – Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - 4,4.

Энергетикалық класы: 10.3.

Алматыда сезілмеген.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсембаев көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуі керек 10 қарапайым ережені еске салды.

Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;

Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, үй ішінде дүмпудің басылғанын күтіңіз;

Жиһаздардан, терезелерден, шамдардан, люстралардан алысырақ болыңыз;

Тығылатын орын табыңыз – "өмір үшбұрышы" (көтергіш/негізгі/ішкі қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз);

Ғимараттан шығу (көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін);

Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;

Алдын ала дайындалған "дабыл чемоданын" алыңыз;

Ғимаратты эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болу керек;

Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;

Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: