02.04.2024
10:14
955
Алматыдан 108 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 108 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні сағат 8:56-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,1

MPV магнитудасы — 4.4.

Тереңдігі — 15 шақырым.

Қазақстан аумағында сезілген жоқ.