Алматыдағы университетте 50 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған

4 Қаңтар, 10:45 1059

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.

Сонымен қатар университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды, - делінген мәліметте.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: