Алматыдағы университет аумағында жаппай төбелес болды

24 Қыркүйек, 17:03 737

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) аумағында жаппай төбелес шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде төбелеске 20-ға жуық адам қатысқаны туралы ақпарат пайда болған. Алматы полициясы жаппай төбелес туралы ақпаратты растады.

Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы барлар ұсталып, полицияға жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: